Visit Zhetysu туристік ақпараттық орталығы 8-10 шілде күндері «Алакөл-Жалаңашкөл-Аралтөбе аралы» атты ақпараттық тур өткізді. Іс-шараға танымал тревел-блогерлер, видеографтар, туристік компаниялар, БАҚ өкілдері, стейкхолдерлер қатысты.
Ақпараттық тур барысында жаңа туристік бағыттарға – Кіші Аралтөбе аралына және Жалаңашкөл көліне экскурсия ұйымдастырылды.
Бұл іс-шара мақсаты – Алакөл көлінің тартымды туристік бағыт ретіндегі имиджін нығайту және Жалаңашкөл көлі мен Кіші Аралтөбе аралының туристік әлеуетін көрсету арқылы келушілер санын арттырып, өңірдің дамуына ықпал ету.
Алакөл жағажайында жаңартылған демалыс орындарына, атап айтқанда @alakol_satori@alakol.miras@danial_resort_@alakol_versal@villa_alakol инспекция жүргізілді. Ақпараттық турға қатысушылар жергілікті ішкі туризм әлеуетімен танысып, жоғарғы сападағы фото және видео-контент түсірді.